Бұл хикая алматылық оныншы сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері туралы. Алғашқы махаббат пен қызғаныш, мектептегі қақтығыстар және әке мен бала арасындағы түсініспеушілік. Сериалдың басты оқиғасы жаңадан келген оқышу Назерке мен сыныптағы ең танымал қыз – Баян арасындағы дау болады. Сериалдың басты кейіпкері сыныптасында жасөспірімдерге тән барлық қатыгездікті көреді. Мектепке қазақ тілі мен әдебиеті сабағын беретін жас мұғалім - Аяжан орналасады. Ол балалармен достасуға тырысады, оларға өз-өздерін түсінуге және проблемаларын шешуге көмектеседі. Алайда оның өткен өмірінің құпиясы оған тыныштық бермейді...