«Хабар» Агенттігі туралы

«Хабар» агенттігі Қазақстандағы медиа-кеңістіктің көшбасшысы болып саналады. Бұл үш арнадан тұратын «телеотбасы»: «Хабар» қоғамдық-саяси телеарнасы, тәулік бойы жұмыс істейтін «24KZ» ақпараттық телеарнасы, «Ел арна» жастар телеарнасы.

Жыл сайын «Хабар» агенттігінің тапсырысымен отандық телехикаялардың 200-дей сериясы түсіріледі. Жанрлардың әртүрлілігі кез келген мақсатты аудиторияны қанағаттандыруға мүмкіндік береді: мелодрамалар, комедиялар, деректі фильмдер мен бағдарламалар, ойын-сауық шоулары, тарихи-биографиялық сериалдар. Бұдан басқа, Агенттікте 1990 жылдардан бастап мұрағаттық бейнематериалдардан тұратын үлкен бейнеханасы және ел өңірлерінде, АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Өзбекстан, Франция, Түркия елдерінде өкілдіктері бар Таяу және Алыс шетелдерде дамыған тілшілер желісі бар.

28 жылдық шығармашылық еңбек «Хабар» Агенттігіне көптеген мемлекеттік, халықаралық және кәсіби марапаттар әкелді. Журналистердің шығармашылық жұмыстары беделді «EMMY» телевизиялық сыйлығына, Ресейдегі «Золотой глагол» сыйлығына ұсынылған. Сондай-ақ Еуразиялық телерадио академиясының (Ресей) байқауларындағы жеңістері, Еуразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Петр Великий» медалі бар. Спорт редакциясының қызметкерлері жоғары халықаралық кәсіби наградалармен марапатталды. «Болашақ қаласы» жастар бағдарламасының бірі Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемдегі ең үздік он бағдарламаның қатарына енді.

Севастопольде өткен халықаралық фестивальде «Бауыржан Момышұлы» тарихи фильмі лауреат атанды, 2019 жылы «Шестой пост» сериалы «ТЭФИ - Содружество» сыйлығын алды. 2020 жылдың ақпан айында «Цена покоя. Запад» и «Цена покоя. Север», сондай-ақ «Парящий под солнцем» фильмі «Большая страна» аталымы бойынша «Страна» IX телевизиялық Ұлттық сыйлығының финалистері атанды. 2022 жылдың қаңтарында «Полигон» арнайы жобасы Ресейде Мәскеу халықаралық кинофестивалінде «Лучший мини-сериал» номинациясын жеңіп алды.

Сонымен қатар «Хабар» Агенттігі халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жасайды, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) толық мүшесі және Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болып табылады, бұл жыл сайын түрлі конкурстарға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді

2018 жылдан бері «Хабар» агенттігі Junior Eurovision (Детское Евровидение) ән байқауына қатысып келеді, онда Қазақстаннан бірінші қатысушы жас орындаушы 6-орын алған Данелия Төлешова болды. 2019 жылы жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Максим құрметті 2-ші орынға, 2020 жылы Қарақат Башанова қатысып, 2-ші орынға ие болды. 2021 жылы Қазақстан намысын Бекнұр Жәнібекұлы мен Алинұр Хамзин қорғап, жалпы есепте 8-ші орын алса, 2022 жылы Давид Чарлин «Жер-Ана» әнімен 15-ші орынды иеленді.

Сонымен бірге, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) мүшелігі жыл сайын әртүрлі байқауларға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді. «Хабар» агенттігі «ABU Prizes 2022» және «ABU Song Festival 2022» сияқты халықаралық шығармашылық байқауларға қатысуын жалғастырды. Осылайша, 2022 жылы Нью-Делиде өткен «ABU Song Festival 2022» фестиваліне қатысқан Мәди Сыздықов шақырылып, құрмет грамотасымен марапатталса, «Хабар» Агенттігі фестиваль мүсіншесімен марапатталды. ABU-мен ынтымақтастығы аясында жыл сайын Әкімшілік Кеңестің отырысына қатысады, бұл іс-шара Азия-Тынық мұхиты аймағынан және одан тыс жерлерден хабар тарату индустриясының көшбасшыларына серіктестік байланыстар орнатуға, идеялармен алмасуға және болашақ жобаларды талқылауға мүмкіндік береді 2023 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Наурыз-2023» Ұлттық телесериал сыйлығы өтті, онда «Келінжан» сериалы бірнеше номинациялар бойынша үздік деп танылды, сондай-ақ сериалдың жалғасы аттас көркем фильм түрінде алғаш рет Қырғыз Республикасының аумағында кинопрокатқа шығарылды.

Жыл сайын «Хабар» агенттігінің өкілдері World Content Market, Mipcom, NAB Show медиа нарықтарға қатысады. Шығарылатын контенттің әртүрлілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыс Қазақстан аумағында, көршілес елдерде сериалдық өндіріске, мұрағаттық бейнематериалдарға (жаңалықтар), көркем және деректі фильмдерге, концерттер мен музыкалық бағдарламаларға лицензиялық құқықтарды жүзеге асыруға және ең ірі Kinopoisk, IVI.ru, Okko және т.б. сияқты VOD платформаларымен белсенді ынтымақтасуға мүмкіндік береді. 2023 жыл жоғары сатылым көрсеткіштерімен аяқталды, өткен жылмен салыстырғанда кіріс өсімі – 17,4% құрағанын атап өту керек.

Агенттік «24KZ» телеарнасын қайта тарату бойынша өзара түсіністік, байланыс орнату және шетелдік хабар тарату ұйымдарымен, жетекші спутниктік және кабельдік операторлармен диалог құру туралы меморандумдар жасасу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Қайта хабар тарату Германия, Швейцария, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан сияқты елдерде жүзеге асырылады, 2024 жылдың наурыз айында Польша аумағында хабар таратуды кеңейту туралы келісім жасалды.

Қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Беларусь, Макао, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Грузия, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Әзірбайжан, Моңғолия, Вьетнам сияқты елдердің шетелдік компанияларымен 18 меморандум бар.

БІЗДІҢ КОНТЕНТТІ САТЫП АЛҒАН КОМПАНИЯЛАР: