Жас әрі абыройлы полиция офицері Тимур Халибеков қылмыстық істердің бетін ашып, қызмет бабында жоғарылайды. Ірі істің сәтті жабылуын әріптестерімен атап өту кезінде, Тимурдың әйелі көліктің рөліне отырады. Ол тізгіндеген көлік жол апатына ұшырайды.
Апаттың ұйымдастырылғанын түсінген ол шындықтың түбіне жетуге тырысады. Тергеу барысында ол бастықтың қылмыстық синдикатпен байланысын түсінеді.