Науат апаның қыздары аналарына «Қалқайып жалғыз отыра бересіз бе? Ел-жұрт әңгіме қылып жатыр, біреуіміздің қолымызға келіңіз» деген ұсыныспен келеді. Науат апа күйеу баланың қолына барып тұрғысы келмейтінін, өзін бағатын ұлы бар екенін айтып, қыздарын тыйып тастайды.
Оқуын бітіргеннен кейін АҚШ-та жұмыс бабымен тұрақтап қалған жалғыз ұлы Арманға хабарласады. Жұмысын, басқасын айтып сылтауратқан Арман ауылға қыдырып баруға да уақыттары жоғын айтады. Анасы қатты ренжігенін түсінген Арман қанша жұмыстарынан қалатын болса да әжелерінің көңілі үшін ауылға барып келуге жанұя мүшелерін көндіреді.