«Абай жолы» сериалы тарихи драма жанрында түсірілген. Телехикаяда Абайдың тартысқа толы өмірі қатар көрсетіледі. Бірде жазушының, бірде оның кейіпкері Абайдың өміріне қатар алмаса отырып, екі суреткердің да ерен тұлғалары ашылады. Телехикаяның ерекшелігі — тараулардан тұруы. Сюжеттік желі үш кезеңде өтіп жатқан оқиғаларды қатар баяндау арқылы өрбиді. «Абай жолының» жазылу сәті, яғни, осы шақ, Абай туралы мәлімет жинау кезеңі, өткен шақ және Абай заманы, кітаптағы немесе мәлімет берушілердің естелігі арқылы берілетін «флешбэктер» тізбегінен тұрады.