Туынды қарт адамдарға, әсіресе жас ұрпақтың ата-анаға деген қарым-қатынасын суреттейді.
Фильм сюжеті қарттар үйінде өрбиді. Келінімен болған шиеленістен кейін ұлының қыспағымен қарттар үйіне кетуге мәжбүр болған басты кейіпкер Әбілғазының өмірі баяндалады.
Қарттар үйінің де өз ережелері бар: Мекеме басшысы, өктем әрі қатыгез әйел Гүлсім Әбілғазы басқа қарттарға көп қиындық тудырады.
Ақсақалдар күш біріктіріп, Гүлсімге тойтарыс беріп, оның заңсыз істерін әшкерелеуге тырысады. Хикая барысында басты кейіпкердің оқиғасымен қатар, әртүрлі жағдайлармен қарттар үйіне түскен өзге де қариялар жайлы айтылады.