Комедиялық хикаяның басты кейіпкерлері- екі жан достар, олардың бірі кездейсоқ уақыт машинасын жасайды. Жігіттер өз өмірін өзгерту мүмкіндігін жіберіп алмау үшін өткенге аттанады. Бірақ олар ойластырған уақытқа емес, басқа уақытқа тап болады. Оларды артық сөз үшін-ақ өлім жазасына кесіп жібере алатын, сұлтандардың заманына өткізіп жібереді. Тарихтың қиын кезеңінен аман қалу үшін кейіпкерлер сол кездің заңдарын қабылдап, сұлтанның бұйрықтарын орындаулары керек. Әрине, машина екінші секіруге дайын болғанға дейін. Осы уақытқа келгенше кейіпкерлер ғашық болып, жаңа өмір сүріп кетеді.