Бұл картина көрермен назарын қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – жетімдікке аударуға арналған. «Өзгенің баласы жоқ» – бұл сөздер фильмнің лейтмотивіндей әр кадрда дірілдеп тұрады. Серияның негізгі идеясы - жанашырлық пен өзара көмек. Бұл серия Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының 2017 жылғы беделді сыйлығының финалистерінің тізіміне енді.