Басты кейіпкерлер Ермек пен Вага, өздерінің екінші жартыларын тауып, отбасы болып, жаңа өмірлерін бастап кетті. Алайда олардың ешқайсысы елестеткен жарқын және бақытты отбасылық өмір мүлдем басқа сценарий бойынша дамиды деп ойламады. Ермек анасымен бірге тұрады және қалындығын үйге әкелерде, үшеуіміз бақытты өмір сүріп кетеміз деп ойлады. Бірақ ол бір ас үйде екі әйелдің болуы мүмкен емес екенін түсінбеді.