Жания - сәндік басылымның директоры, әрі иесі. Аяқ астынан денсаулығы сыр беріп, емханада дәрігерлер онкологияға күдіктеніп, толық тексерістен өту керектігін айтты. Жания ешкімге өз денсаулық мәселелерін айтпай, Астанаға ұшуға шешім қабылдады, бірақ қыздарына қарау проблемасына тап болды. Макс - жас, әрі бейқам жігіт, беделді жұмыс орнына орналасамын деп, басылымның офисін банкпен шатастырып, Жаниямен сұхбаттасуға кіріп кетеді. Жания оны тағылымгер ретінде жұмысқа алады. Хатшы Жанияға Максты күтуші қылайық деп ұсынады. Жания келісіп, қыздарын қалдырып, ұшып кетеді.