Телехикая Аян есімді жігіттің махаббат хикаясымен өрбиді. Ол – білімді, өз ортасына сыйлы жігіт. Әкесі Мұрат – жарнама агенттігінің басшысы. Аян мектеп жасынан Асыл есімді қызды жақсы көріп, екеуі қыз бен жігіт болып жүреді. Асыл – арманшыл, шығармашылыққа бейім қыз. Күндердің бірінде Аян Асылды үй ішімен таныстыруға бекінеді. Алайда әкесі қыздың жағдайын өзінің дәрежесімен тең көрмей, бұл некеге қарсы болады. Сол кеште Асыл Аянмен біраз сөзге келіп қалады. Аян сол кезде көліктің рөліне ие бола алмай, екеуі жол апатына ұшырайды.