Археолог болып жұмыс істейтін Айдар өз тобымен бірге тауға әкесін іздеуге шығады. Ал әкесі алтын қылышты іздеймін деп із-түзсіз жоғалып кетеді. Іздестіру нәтижесінде әкесінің қорықшы досы Сапарға кезігеді. Сапар – бүкіл өмірін тауда өткізген жергілікті қорықшы. Ол Айдардың әкесін көрген соңғы адам болатын. Айдар оны әкесін бірге іздеуге көндіреді. Бірақ олардың артын алтын қылышқа апарады деген үмітпен қара кеншілердің қарулы тобы аңдиды. Тауға терең шыққан сайын түрлі мистикалық көріністерге тап болады. Жасырын үңгірге жеткенде Айдарды әкесімен не болғаны одан сайын мазалай түседі. Алтын қылышты кім табады? Айдардың әкесін өлтірген кім?