Полиция капитаны Қайраттың қызы Алтынай жұмбақ жағдайда өз-өзіне қол жұмсады. Қызынан айырылған Қайрат қайғырып, қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Бір жылдан кейін ол жұмбақ жағдайда өзін-өзі өлтірген Айым есімді қыздың ісімен айналысады. Қайрат Айым мен оның қызы Алтынайдың өз-өзіне қол жұмсауының артында біреу тұрғанын түсініп, бар күшімен жұмыс істей бастайды. Ол Айым өлімінің құпиясын ашып, Алтынайдың өлімінің себебін табамын деп сенеді. Алайда Айымның өлімі суицид ретінде тіркеліп, іс жабылды. Қайрат облыстық полиция басқармасының бастығы полковник Бейімбеттен істі аяқтауға бір апта уақыт бөлуді сұрайды. Осы сәттен бастап Қайрат пен оның серіктесі Мәди Айымның жұмбақ өлімінің артында кім тұрғанын анықтай бастайды. Әріптестер көптеген кедергілерді еңсере отырып, осы трагедиялардың артында "Қара жәшік" атты интернет-топ тұрғанын біледі.