Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері микрофонды допқа, студияны алаңға ауыстырып, бәсекеге түседі. Апта бойы жаңалық деп жар салып, бағдарлама деп бас ұратын шығармашылық топ осылайша демалыс күндері салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл – тәуелсіз елдің тәуелсіз журналистерінің ұстанымы. Дәл осы BAQ-лигадан әлем чемпионатына дейін жетіп, ел намысын қорғаған әріптестеріміз де бар. Ол жайында толығырақ «BAQ лигадан әлем чемпионатына дейін» деректі фильмінен көріңіздер.