Басты кейіпкері 25 жастағы Асхат – оқу орнын үздік бітірген, «Қазақстан темір жолына» реформа жасаймын деп барады. Ол күтпеген жерден Алматы – Астана бағыты бойынша пойызға тағайындалады. Пойыз – бұл қоғамның шағын моделі: әр вагонда – өз тағдыры, өз ережесі, қуанышы мен қорқынышы бар Асхат жаңашылдықпен келіп, бұрыннан қалыптасқан тәртіпты заманға сай тәртіпке келтіргісі келеді. Алайда ол мұны қысыммен емес, сыйластықпен, түсіністікпен, біртіндеп өзгерту арқылы жүзеге асыруды жөн санайды. Ол бұл сапарда достар табады, мінезін шыңдайды және шынайы көшбасшылықтың мәнін түсінеді. Сериалдың басты идеясы - реформаны ескіні қирату емес, түсіністік орнату арқылы жасау. Нағыз көшбасшылық бұл өткенге құрметпен қарай отырып, болашаққа жол сілтей білу деген ойды жеткізу.