«Хабар» Агенттігі» АҚ

«Хабар» Агенттігі» АҚ (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстандағы медиа кеңістігінің көшбасшысы болып саналады. Бұл үш арнадан тұратын «Телеотбасы»: «Хабар» қоғамдық-саяси телеарнасы, тәулік бойы жұмыс істейтін «24KZ» ақпараттық телеарнасы, «Ел арна» жастар телеарнасы.

Агенттіктің тапсырысы бойынша жыл сайын отандық телехикаялардың 190 сериясы шығарылады. Жанрлардың әртүрлілігі кез келген мақсатты аудиторияны қанағаттандыруға мүмкіндік береді: мелодрамалар, комедиялар, деректі фильмдер мен бағдарламалар, ойын-сауық шоулары, тарихи-биографиялық сериалдар. Сонымен қатар, Агенттікте 1990-шы жылдардан бастап мұрағаттық бейнематериалдардың үлкен видеотекасы және ел өңірлерінде, АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Өзбекстан, Франция, Түркия және БАӘ-дегі өкілдіктерімен Таяу және Алыс шетелдерде дамыған тілшілер желісі бар.

29 жылдық шығармашылық жұмыс Агенттікке бірнеше рет мемлекеттік, халықаралық және кәсіби марапаттар әкелді. Журналистердің шығармашылық жұмыстары беделді «EMMY» телевизиялық сыйлығына, Ресейдегі «Золотой глагол» сыйлығына ұсынылған. Сондай-ақ Еуразиялық телерадио академиясының (Ресей) байқауларындағы жеңістері, Еуразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Петр Великий» медалі бар. Спорт редакциясының қызметкерлері жоғары халықаралық кәсіби наградалармен марапатталды. «Болашақ қаласы» жастар бағдарламасының бірі Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемдегі ең үздік он бағдарламаның қатарына енді.

Севастопольде өткен халықаралық фестивальде «Бауыржан Момышұлы» тарихи фильмі лауреат атанды, 2019 жылы «Шестой пост» сериалы «ТЭФИ - Содружество» сыйлығын алды. 2020 жылдың ақпан айында «Цена покоя. Запад» и «Цена покоя. Север», сондай-ақ «Парящий под солнцем» фильмі «Большая страна» аталымы бойынша «Страна» IX телевизиялық Ұлттық сыйлығының финалистері атанды. 2022 жылдың қаңтарында «Полигон» арнайы жобасы Ресейде Мәскеу халықаралық кинофестивалінде «Лучший мини-сериал» номинациясын жеңіп алды. 2024 жылдың қараша айында «24KZ» телеарнасы «ТЭФИ-Капитал» бүкілресейлік телевизиялық сыйлығының арнайы жүлдесінің иегері атанды.

Сонымен қатар «Хабар» Агенттігі халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жасайды, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) толық мүшесі және Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болып табылады, бұл жыл сайын түрлі конкурстарға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді.

Осылайша, EBU-мен ынтымақтастық аясында 2018 жылдан бастап Junior Eurovision (Балалар Евровидениесі) ән байқауына белсенді қатысып, онда Қазақстаннан бірінші қатысушы жас орындаушы 6-орын алған Данелия Тулешова болды. 2019 жылы жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Максим құрметті 2-ші орынға, 2020 жылы Қарақат Башанова қатысып, 2-ші орынға ие болды. 2021 жылы Қазақстан намысын Бекнұр Жәнібекұлы мен Алинұр Хамзин қорғап, жалпы есепте 8-ші орын алса, 2022 жылы Давид Чарлин «Жер-Ана» әнімен 15-ші орынды иеленді.

Сонымен бірге, ABU мүшелігі жыл сайын түрлі конкурстарға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді. Агенттік «ABU Prizes 2022» және «ABU Song Festival 2022» сияқты халықаралық шығармашылық байқауларға қатысуын жалғастырды. Мәди Сыздықов Нью-Делидегі «ABU Song Festival 2022» фестиваліне қатысып, құрмет сертификатымен марапатталды, ал Агенттікке Фестиваль мүсіншесі табысталды.

2024 жылдың қыркүйегінде ABU хатшылығы Әкімшілік Кеңеске онлайн қайта сайлау өткізді. Онлайн дауыс беру нәтижелерін тағайындалған екі бақылаушы: NHK (Жапония) және FBC (Фиджи) тексерді. Дауыс беру қорытындысы 2024 жылдың қазан айында TRT телерадиокомпаниясының қолдауымен ұйымдастырылған Стамбулдағы 61-ші ABU Бас ассамблеясында жарияланды. Агенттік 75% дауыс жинады және 2025 жылдың қаңтарынан 2027 жылдың желтоқсанына дейін үш жылға қайта сайланды. Әкімшілік кеңестің отырыстары жылына екі рет өтеді, бұл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы және одан тыс жерлердегі хабар тарату индустриясының көшбасшыларына серіктестік байланыстар орнатуға, идеялармен алмасуға және болашақ жобаларды талқылауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын «Хабар» агенттігінің өкілдері World Content Market, Mipcom, NAB Show медиа нарықтарға қатысады. Шығарылатын контенттің алуан түрлілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыс Қазақстан, көрші мемлекеттер аумағында сериялық өнімдерге, мұрағаттық бейнематериалдарға (жаңалықтар сюжеттеріне), көркем және деректі фильмдерге, концерттер мен музыкалық бағдарламаларға лицензиялық құқықтарды іске асыруға және Kinopoisk , IVI.ru, Okko және т.б. сияқты ірі VOD-платформалармен белсенді ынтымақтасуға мүмкіндік береді. 2024 жыл жоғары сатылым көрсеткіштерімен аяқталды, өткен жылмен салыстырғанда кіріс өсімі – 110,56% құрағанын атап өту керек. 2024 жылдың ең маңызды оқиғасы – қазақстандық спортшылардың 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өткен Париж-2024 XXXIII Олимпиада ойындарына қатысуы болды. Париж-2024 Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын 5 отандық телеарна, оның ішінде Агенттіктің «Хабар» және «El Arna» телеарналары алды. 32 пән бойынша жарысқа 329 медаль жиынтығын ойнатып, 206 елдің өкілдері қатысты, медальдің 7-ін Қазақстаннан келген спортшылар жеңіп алды.

Агенттік «24KZ» телеарнасын қайта тарату бойынша өзара түсіністік, байланыс орнату және шетелдік хабар тарату ұйымдарымен, жетекші спутниктік және кабельдік операторлармен диалог құру туралы меморандумдар жасасу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Ретрансляция Германия, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан сияқты елдерде жүзеге асырылады және 2024 жылы Литва, Польша, Сербия, Венгрия, Словения, Түрікменстан және Армения аумағында хабар таратуды кеңейту туралы келісім жасалды.

Қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Беларусь, Макао, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Грузия, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Әзірбайжан, Моңғолия, Вьетнам, Түрікменстан сияқты елдердің шетелдік компанияларымен 19 меморандум жұмыс істейді.

БІЗДІҢ КОНТЕНТТІ САТЫП АЛҒАН КОМПАНИЯЛАР: