Қазақстан әлемдік рейтингте алтын өндіруші ондыққа кіреді. Алтын өндірісінің өсуі ірі кен орындарын игеру есебінен жүзеге асуда. Шығыс Қазақстан облысында дәстүрлі түрде жоғары нәтижелерді "Бақыршық кен өндіру кәсіпорны" көрсетіп келеді. "Қызыл" кен орны – 2014 жылы Polymetal компаниясы сатып алған әлемдік деңгейдегі актив. Жоғары сапалы қоры мен төмен капиталы шығыны бұл активті компания өсімінің негізгі көзіне айналдырды.