Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан өзінің бағдарламалық құжаттары мен сөйлеген сөздерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Ал тәрбие мен білімнің сара жолы мектептен басталатынын ескерсек, білім ошағындағы тәрбие жұмысының жетістігі, көбінесе мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, өз тәрбиеленушілерінің жеке ерекшеліктерін білуіне байланысты. Дәл осындай мәселелерді кеңінен тілге тиек ететін танымдық-ағартушылық, мәдени-әлеуметтік бағыттағы бағдарламаны көрермен назарына ұсынамыз.